«Ақмола облысы басқармасының Атбасар ауданы білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1. Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: «Ақмола облысы басқармасының Атбасар ауданы білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Ақана Құрманов ауылы, Болашақ көшесі, 10-құрылыс.
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы басқармасының Атбасар ауданы білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді..
2025 жылы мектеп тарапынан барлығы 53 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы, қызмет алушымен тікелей байланыс жасау және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу жолымен (www.egov.kz , www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) – 1 қызмет;;
- қызмет алушымен тікелей байланыссыз, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде (www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарын қоспағанда) – 1 қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 қызмет;
- электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде – 14 қызмет;
- қағаз түрінде – 37 қызмет.
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
2. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылы білім беру саласында ең көп сұранысқа ие қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
- «Балаларды негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау және оқуға қабылдау»;
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»;
- «Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және қабылдау»;
- «Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
- «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары».
Сонымен қатар "Ақмола облысы басқармасының Атбасар ауданы білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі қызметтерді көрсетеді:
- «Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу»;
- «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
- «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
- «Білім туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді өзектендіру (түзету)»;
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары.
Қызмет алушыларға арналған барлық қажетті ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында орналастырылған: http://sc0014.atbasar.aqmoedu.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жарияланған.
Азаматтар үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымның ақпараттық стендінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
2025 жылы 4 мақала жарияланып, 2 тікелей эфир өткізілді. Сонымен қатар халықты бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушінің интернет-ресурстары арқылы тұрақты түрде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Атбасар ауданының барлық мектепке дейінгі ұйымдары бірыңғай ақпараттық Akmola.kz жүйесінде жұмыс істейді. Сондай-ақ барлық орта білім беру ұйымдары Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бағдарламасында жұмыс істейді.
Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылған.
2025 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүйесі жұмыс істейді, онда 20-ға жуық мемлекеттік қызмет қолжетімді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және сапаны бақылау
1. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді. Олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2. 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ..
3. Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату перспективалары
2026 жылға қызмет алушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында көрсетілетін қызметтердің сапасына тұрақты мониторинг жүргізу, кері байланысты талдау және анықталған ескертулер мен ұсыныстарға жедел әрекет ету жоспарлануда.
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктерін кеңейту рәсімдердің қолайлылығы мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған шараларды іске асыру азаматтардың сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыруға және ұйым қызметінің тиімділігін тұрақты түрде жоғарылатуға ықпал етеді.