«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесе.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акана Курманова отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"

КММ бойынша "негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" қызметі көрсетіледі

 "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      - Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

 

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 15 жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

     4.Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына жазылған құжаттың жоғалу жағдайы немесе басқа да себептері көрсетілген өтініші;

      2) кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігімен (паспортымен) бірге туу туралы куәлігінің (2008 жылы туылған жағдайда) көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін)

      5.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі, олардың мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернат-ресурстарында орналасқан.

      Көрсетілетін қызметті берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) мекенжайын, байланыс телефондарын көрсете отырып, шағым беріледі.

      Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға алатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпарат Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ұсынылады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болға жағдайда), поштасының мекенжайы көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша шағымдану тәртібі туралы ақпарат ала алады.

      "Жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы шағымды жолдаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының шағымды өңдеу барысында жаңартылған ақпараты (жеткені, тіркелуі, орындалуы, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап туралы белгілер) қолжетімді.

      12. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Жаңартылған күні: 13.09.2024 20:04
Құрылған күні: 13.09.2024 20:04

Текст