15 мамыр күні «Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ» КММ-де мектеп аумағын абаттандыру мақсатында еріктілердің еңбек десанты өтті.
15.05.2026
15 мамыр күні «Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ» КММ-де мектеп аумағын абаттандыру мақсатында еріктілердің еңбек десанты өтті.
Ерікті оқушылар мектеп ауласын тазалау және ретке келтіру жұмыстарына белсене қатысты. Газон шабатын құрылғының көмегімен мектеп аумағындағы шөптер ұқыпты түрде шабылып, аула бірден көркейіп, жинақы кейіпке енді. Қыз балалар да шетте қалмай, тырмалармен шабылған шөптерді мұқият жинады.
Жұмыс барысында барлығы ұйымшылдықпен еңбек етіп, бір-біріне көмектесті. Бірлескен еңбектің арқасында мектеп аумағы айтарлықтай өзгеріп, таза, жайлы әрі әсем бола түсті. Осындай іс-шаралар тәртіпті сақтауға ғана емес, оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Просмотров: 30