«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесе.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акана Курманова отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22 наурыз — бүкіл ел Наурыз мерекесін атап өтетін жарқын әрі қуанышты күн.

22.03.2026

22 наурыз — бүкіл ел Наурыз мерекесін атап өтетін жарқын әрі қуанышты күн. Бұл — табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін шағы, бірлік пен жаңа жылдың бастауын білдіретін ежелгі мереке. Осы күні адамдар көктемді ақ тілектермен қарсы алып, жүректеріне жылу ұялатып, жарқын болашаққа үміт артады.
Ақан Құрманов ауылында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен, көтеріңкі көңіл күйде және шынайы ықыласпен өтті. Ауыл тұрғындары осы бір айтулы күннің қуанышын бірге бөлісу үшін жиналды. Мерекелік атмосфера әр жерде сезілді: әуендер шырқалып, адамдар бір-бірін құттықтап, бейбітшілік, жақсылық пен береке тіледі.

Просмотров: 8


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст