2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша
«Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ қызметінің есебі
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2020 жылы Ақан Құрманов аулының жалпы білім беретін орта мектебінде барлығы 41 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 2, электрондық нұсқада - 30, қағаз нұсқада – 9.
2021 жылы барлығы 1 қызмет, қағаз түрінде -1 қызмет көрсетілді .
Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.