Текст
27 қыркүйекте Ақан Құрманов ОМ-де мектеп үкіметінің президентіне сайлау өтті. Президенттікке үш үміткер ұсынылды: 11 сынып оқушысы Исахметов Әлишер, 9 сынып оқушысы Дракина Дарья және 8 сынып оқушысы Разуменко Дарья. Сайлау комиссиясының төрағасы оқу ісінің меңгерушісі және құқық пәнінің мұғалімі Безверхова Н.А. болды. Сайлау комиссиясының мүшелері: Ұланбасы Аскерова Карина, 10 сынып оқушысы Бублик Андрей, мектеп тәлімгері Назарова М.С. Дауыс беруге 137 оқушы мен 26 мектеп қызметкерлері қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Әлишер 47 дауыс, Разуменко Дарья 52 дауыс, Дракина Дарья 64 дауыс жинады. Дашаны жеңісімен құттықтаймыз!