«Тазалық — денсаулық кепілі»

23.06.2026

«Тазалық — денсаулық кепілі»
КММ «Акана Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» жанындағы жазғы алаңда тағы бір күн қызықты, танымды әрі белсенді өтті! 🌞
Балалар «Туған өлкенің көрікті жерлері» атты серуенге шығып, табиғаттың әсемдігін тамашалап, туған жер туралы тың мәліметтер алды. «Тылсым соқпақтар» экологиялық ойынында табиғат пен қоршаған орта жайлы білімдерін көрсетіп, өздерінің тапқырлықтарын байқатты.
«Жұлдызды жол» экосағаты ерекше қызығушылық тудырып, балаларға қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын түсіндірді.
Күн көңілді, ұйымшыл әрі пайдалы өтті. Балалар жаңа білім алып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, ұмытылмас әсерлермен тарқасты! 🌿🎨✨

Просмотров: 31


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу