☀️
22.06.2026
☀️🎉 Тапқырлық, қозғалыс және көңілді күн! 🎉☀️
КММ «Ақана Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» жанындағы жазғы алаңда бүгінгі күн ерекше қызықты әрі мазмұнды өтті!
Балалар логикалық тапсырмаларды шешіп, тапқырлықтары мен алғырлықтарын көрсетті, зейін мен ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындарға белсене қатысты. Әсіресе, «Мақалды жандандыр» байқауы өте көңілді өтті. Бұл сайыста оқушылар өздерінің актерлік шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Сонымен қатар, сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Ал ыстық жазғы күннің ең қызықты сәті – көптен күткен су шашу ойынымен аяқталды. Балалардың шат күлкісі, қуанышы мен бақытты жүздері бұл күннің ерекше өткенін көрсетті! 💦😊
Жазғы демалыс жалғасуда, онымен бірге жаңа жаңалықтар, достыққа толы сәттер мен ұмытылмас әсерлер де жалғаса береді! 🌈✨