«Тазалық — денсаулық кепілі»

09.06.2026

«Тазалық — денсаулық кепілі»

 «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің жанындағы жазғы алаңда кезекті күн «Тазалық — денсаулық кепілі!» ұранымен өтті.
Балалар экологиялық соқпаққа саяхат жасап, табиғат туралы көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Олар қоршаған ортаға ұқыпты қарау ережелерін, тазалық пен жеке гигиенаны сақтаудың маңызын білді. Тазалық – денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күйдің кепілі екені айтылды.
Күннің жарқын оқиғаларының бірі – «Сүйікті ертегілер беттерімен» атты шоу бағдарламасы болды. Балалар ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, викториналарға, түрлі байқаулар мен шығармашылық тапсырмаларға белсене қатысты.
Бұл күн танымдық, көңілді әрі пайдалы өтті. Балалар жаңа білім алып, жарқын әсерлерге бөленіп, тамаша көңіл-күй сыйлаған күннен қуат алды! 🌿📚✨

Просмотров: 47


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу