"Мінездің күші" тренингі

28.05.2026

28 мамыр күні «Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де нашақорлықтың алдын алу және білім алушылардың өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында «Мінез күші» атты тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар салауатты өмір салты мәселелерін талқылап, зиянды әдеттерге қарсы тұруды, өзіне деген сенімділікті дамытуды және қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйренді.
Тренинг кезінде ойын жаттығулары, әңгімелесу және жағдаяттық тапсырмалар ұйымдастырылып, олар ерік-жігерді, ішкі тұрақтылықты және қоршаған ортаның теріс ықпалына қарсы тұра білу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Іс-шара белсенді әрі танымдық деңгейде өтті. Білім алушылар қызығушылық танытып, маңызды өмірлік құндылықтарды талқылауға белсене қатысты.

Просмотров: 38


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу