15 мамыр күні Атбасар қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында жол қозғалысы ережелері туралы білімді қалыптастыруға, жолдағы жауапкершілікті арттыруға және балалар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған «Қауіпсіз дөңгелек» аудандық байқауы өтті.

15.05.2026

Аталған іс-шараға әртүрлі мектептердің оқушылар командалары қатысты. Оқушылар өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, ұйымшылдығын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды.
Алғашқы кезең «Үгітбригада» болды. Бұл кезеңде қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі қойылымдарын ұсынды. Оқушылар шығармашылық түрде жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, жолдағы мұқияттылықты, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жауапкершілігін еске салды. Барлық қойылымдар қызықты, әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары болды.

Просмотров: 37

Пікір қосу

Деректерді қолтаңбаға қосу