22 сәуірде "Ақан Құрманов ауылының ОМ" КММ-де 7-8 сынып оқушылары үшін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары " жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылығы және жеке қауіпсіздігі "тақырыбында дәріс өткізді.
22.04.2026
22 сәуір күні «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 7–8 сынып оқушылары үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылығы және жеке қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жеке шекара ұғымы, өзіне және айналасындағыларға құрметпен қараудың маңыздылығы, сондай-ақ күнделікті өмірде және интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Ерекше назар қауіпті жағдайларды тану және оларға дұрыс әрекет ету дағдыларына аударылды.
Оқушыларға қауіп төнген жағдайда ересектерден көмек сұраудың қажеттілігі еске салынды, сондай-ақ әр адамның өз тұлғасын, ар-намысын және қауіпсіздігін қорғауға құқығы бар екені айтылды.
Просмотров: 29