2026 жылғы 17 сәуірде Көкшетау қаласында Ақмола облысының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің форумы өтті.

17.04.2026

2026 жылғы 17 сәуірде Көкшетау қаласында Ақмола облысының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің форумы өтті. Аталған шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмагамбетова А.С. қатысты.
Форумда құттықтау сөзбен облыс әкімінің орынбасары Айтбаев Досұлан Ерланұлы сөз сөйледі.
Форум барысында «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының өкілдері баяндама жасады. Академик Шерубай Құрманбайұлы қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелерін кеңінен қарастырды.
Ерекше назар «Интеграцияланған оқыту жағдайында оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбына аударылды.
Сонымен қатар форум аясында терминологияны біріздендіру мәселелері де талқыланды. Үздік әдістемелік тәжірибелерін ұсынған мұғалімдер өз тәжірибелерімен және тиімді тәсілдерімен бөлісті.
Форум жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы болды.

Просмотров: 50


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу