13 сәуір күні "Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ» КММ-нің ата-анасы Покровка ауылында өткен Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы отырысына қатысты.
13.04.2026
13 сәуір күні "Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ» КММ-нің ата-анасы Покровка ауылында өткен Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы отырысына қатысты.
Сондай-ақ «Бала қауіпсіздігі» тақырыбы талқыланып, ата-аналарға қауіпсіз орта қалыптастырудың және отбасыдағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы ескертілді.
Іс-шара аясында мұражайға экскурсия ұйымдастырылып, «Жасөспірімге өмірлік қиындықтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады» тақырыбында сабақ өткізілді.
Ата-аналар үшін «Рахмет саған, әке!» атты іс-шара ұйымдастырылып, ол отбасы құндылықтарын нығайтуға және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыруға бағытталды.
Кездесу соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алынған ақпарат бойынша қорытынды жасады.
Просмотров: 41