«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесе.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акана Курманова отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 15:00-де «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де ата-аналар қауымдастығымен көктемгі каникул кезеңіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне арналған тікелей эфир өтті.

18.03.2026

2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 15:00-де «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де ата-аналар қауымдастығымен көктемгі каникул кезеңіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне арналған тікелей эфир өтті. Кездесудің мақсаты — ата-аналарды 2026 жылғы 19–29 наурыз аралығында өтетін каникул туралы ақпараттандыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына ересектердің жауапкершілігін арттыру болды.
Кездесуді Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Л. Мұрзахметова ашып, қатысушыларды құттықтады. Өз сөзінде ол каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп, ата-аналар және мемлекеттік қызметтердің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Наурызнама мерекесі аясында оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Тікелей эфир барысында түрлі қызмет саласының мамандары ата-аналарға қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселелер туралы ақпарат берді.
Киберкеңістіктегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы Атбасар ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Г. Мархаба баяндады. Ол интернет-алаяқтық, онлайн ойындар мен әлеуметтік желілерге байланысты қауіптер туралы ескертіп, балалардың цифрлық белсенділігін бақылау жөнінде ұсыныстар берді.
«Алаяқтардың құрбаны болмау жолдары» тақырыбын цифрлық қызмет көрсету менеджері Мұстафа Тәттігүл жалғастырды. Ол телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып, ата-аналарды банктік қосымшаларды пайдалану кезінде және жеке мәліметтерді беру барысында мұқият болуға шақырды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы ЖПТ
ҚҚББ — инспекторы, полиция капитаны Б. Рахимжанов сөз сөйледі. Ол каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың жүріс-тұрысын бақылау және отбасыда сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Патрульдік полиция взводының командирі, полиция майоры А. Кубашев жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Ол ата-аналарды балаларға жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін, әсіресе велосипед пен самокат тебу кезінде түсіндіруге шақырды.
Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы Д. Нұрпейісов баяндап, тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін сақтау және балалардың отпен ойнауына жол бермеу керектігін атап өтті.
Діни экстремизмнің алдын алу тақырыбын теолог А. Гиззатов ашып, отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбиенің және дәстүрлі құндылықтарды нығайтудың маңызын айтты.
Кездесуді №1 мектептің педагог-психологы Г. Дауренбекова «Көктемгі каникул: психолог кеңесі» тақырыбындағы баяндамасымен қорытындылады. Ол ата-аналарға балалармен көбірек уақыт өткізу, бірлескен демалыс ұйымдастыру және отбасыда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруды ұсынды.
Кездесу барысында қатысушылар каникул кезіндегі балалар қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің назар аударуы мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті. Ата-аналарға балалардың жүрген жерін үнемі бақылау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және баланың өміріне белсенді қатысу қажеттігі ескертіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Өткізілген тікелей эфир ата-аналар, педагогтер және мемлекеттік қызмет өкілдері арасындағы тиімді диалог алаңына айналып, барлығын балалардың қауіпсіз әрі пайдалы көктемгі каникулын қамтамасыз ету жолында біріктірді.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст