25.02.2026
25 ақпан күні №5 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тәлімгерлер шеберлік мектебі» атты аудандық іс-шара өтті. Бұл шара белсенді, бастамашыл және шығармашыл тәлімгерлерді бір арнаға тоғыстырды. Тәлімгерлер өз білімдерін, көшбасшылық қасиеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті, сондай-ақ мектептерде қызықты әрі пайдалы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты.Шеберлік мектебінің үлестірушісі
Шульгина Ольга Ивановна ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, тәлімгерлерді өз әлеуетін ашуға шабыттандырды.
Кейін Ольга Ивановна бізге «Перед классом» фильмінен қызықты әрі тағылымды үзінділер көрсетті. Бұл фильм тәлімгерлердіі рөлін, оның жауапкершілігін және ұжымдағы балаларға қолдау көрсетудің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті.
Іс-шара нәтижелі өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.