Текст
24.02.2026
2026 жылғы 24 ақпан күні "Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ»КММ-де 4-сыныпта қашықтан сабақтар өткізілді.
Білім беру үдерісі цифрлық платформаларды пайдалану арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Барлық оқушылар сабаққа толық қатысып, талқылауларға белсенді араласты, тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сұрақтарына жауап берді.
Сабақтар ұйымдасқан әрі нәтижелі өтті. Оқушылар білім алуға жауапкершілікпен қарап, тәртіптілік пен қызығушылық танытты.
Қашықтан оқу форматы оқу үдерісінің үздіксіздігін сақтауға және оқу материалын сапалы меңгеруге мүмкіндік берді.
Сынып жетекшісі: Е. Байкенова