Текст
18.02.2026
2026 жылғы 18 ақпанда «Акан Курманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де математика, физика және информатика пәндері онкүндігі аясында «Ғылым генийлері» атты шағын жобаларды қорғау бойынша сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ғылымға деген танымдық қызығушылығын арттыру, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және көрнекті ғалымдар мен олардың ашқан жаңалықтары туралы білімдерін кеңейту. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып, ақпаратпен жұмыс істеу, аудитория алдында сөйлеу және қойылған сұрақтарға дәлелді түрде жауап беру қабілеттерін көрсетті.
