2026 жылдың 10 ақпанында Ақан Құрманов ауылында ауылдық мәдениет үйінде "Ақмола жұлдыздары"көркемөнерпаздар байқауы өтті
10.02.2026
2026 жылғы 10 ақпанда Ақан Құрманов ауылындағы ауылдық Мәдениет үйінде мектеп оқушылары мен шығармашылық ұжымдары қатысқан «Ақмола жұлдыздары» атты көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау аясында түрлі шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Қатысушылар патриоттық, халықтық және заманауи әндерді орындап, вокалдық өнерлерімен көрермендерді қуантты. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен заманауи хореография бағыттарын бейнелейтін би композициялары көрсетілді.
Просмотров: 63