Текст
22.01.2026
Мектеп кітапханасында оқушыларға арналған «Ұлы құпиялар бізге ашылады» атты саяхат-ойын өтті. «Знатоки» және «Умники и умницы» атты екі командаға бөлінген оқушылар қызықты саяхатқа аттанды. Әр командаға «Сиқырлы сөздер», «Кітапхана», «Табылған заттар бюросы», «Капитандар сайысы» сияқты көптеген байқаулардан өту тапсырылды. Тапсырмалар оңай болған жоқ, бірақ өте қызықты болды және ең бастысы – командалық жұмысқа бағытталды. Оқушылар сиқырлы әлемге қызықты саяхат жасап қайтты. Іс-шара жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттаумен аяқталды.