Текст
26.12.2025
26 желтоқсан 2025 жылы Атбасар қаласындағы №8 орта мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған театрландырылған жаңа жылдық қойылым өтті.
Жарқырап безендірілген шырша, қызықты би мен театр элементтеріне толы мерекелік бағдарлама балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Көңілді ертегі кейіпкерлері жаңа жылдық шаттық пен қуаныш тарту етті.
Мерекелік іс-шара құттықтаулармен және естелік сыйлықтар мен тәттілерді табыстаумен аяқталды.
Атбасар қаласындағы №8 орта мектептің оқушылары мен ұжымына тамаша мереке ұйымдастырғандары үшін зор алғысымызды білдіреміз!