25.12.2025
25 желтоқсан 2024 жылы Атбасар қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектепте дарынды балаларға арналған театрландырылған жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Жаңа жылдық мерекеге «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушысы Дракин Матвей қатысты.
Матвей аналитикалық ойлау қабілетіне ие, олимпиадалар мен байқауларға белсенді қатысып, өзіне сенімділігі мен жоғары интеллектісін көрсетіп жүр. Музыкалық мектепке барып, баян аспабында өте жақсы ойнайды.
Жарқырап безендірілген шырша мен қызықты мерекелік бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ертегі кейіпкерлері жаңа жылдық көңіл күй тарту етті.
Мерекелік іс-шара құттықтаулармен, естелік сыйлықтар мен тәтті жүлделерді тапсырумен аяқталды.
Атбасар қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары мен ұжымына тамаша мереке ұйымдастырғандары үшін зор алғысымызды білдіреміз!