«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесе.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акана Курманова отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық театрландырылған қойылым.

25.12.2025

2025 жылғы 25 желтоқсанда Атбасар қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған театрландырылған жаңа жылдық мерекелік қойылым өтті. Жаңа жылдық мерекеге «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 1-сынып оқушысы Нестеренко Никита қатысты.
Мереке  қызықты әрі көңілді өтті. Балалар ойындарға белсене қатысып, жаңа жылдық шыршаны айнала хоровод биледі.
Мерекелік іс-шара Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуатбеков К.О. мен «Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Наймушина Н.Г.-ның құттықтау сөзімен аяқталып, қатысушыларға естелік сыйлықтар мен тәтті сый-сияпаттар табысталды.
Балалардың бақытты жүздерін көру – үлкен қуаныш! Керемет мереке ұйымдастырғаны үшін Атбасар қаласындағы №4 мектептің оқушылары мен ұжымына зор алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст