9-сыныпта" Ақан Құрманов ауылы ЖББМ " КММ-де ауыл әкімі А. Д. Белялова мен мектеп директорының міндетін атқарушы Д. Б. Костубаеваның қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті.

24.12.2025

24.12.2025 жылы  «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де 9-сынып оқушыларымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ауыл әкімі Белялова А.Д. және мектеп директорының міндетін атқарушы Костубаева Д.Б. қатысты.
Жиналыс барысында екінші тоқсан мен бірінші жартыжылдықтың қорытындылары шығарылып, жаңа жылдық демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Интернеттегі қауіп-қатерлер және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпарат берілді.
Сынып жетекшісі ата-аналармен тренинг өткізіп, топтық жұмыс ұйымдастырды. Кездесу іскерлік әрі жылы, өзара түсіністікке негізделген атмосферада өтті.

Просмотров: 58


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу