Текст
2025 жылғы 23 маусымда" Акан Курманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің мектеп ауласында Денсаулық күні өтті.
Бұл күннің мақсаты – балалардың назарын денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және дене белсенділігінің маңыздылығына аудару. Ерте жастан бастап балаларға спортқа деген сүйіспеншілік, дұрыс тамақтану және өз денсаулығына қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды. Себебі денсаулық – әр адамның ең үлкен байлығы!
Шара барысында балалар үшін денсаулыққа байланысты зияткерлік ойын, сондай-ақ «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты көңілді эстафета ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, түрлі қызықты ойындар ойнады.
Іс-шара балалар үшін пайдалы әрі көңілді өтті.