2025 жылғы 23 маусым күні "Акан Курманов ауылының ЖОББМ " КММ-нің жанындағы шағын орталық тәрбиеленушілері «Жол жүру ережелерін үйренеміз» атты зияткерлік-танымдық іс-шараға қатысты. Іс-шараның мақсаты – балаларға көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсінік қалыптастыру және жаяу жүргінші білуі тиіс негізгі жол белгілерімен таныстыру.
Балалар «жаяу жүргінші», «жол бөлігі», «бағдаршам» ұғымдарын бекітіп, көшедегі өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік алды. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде келген Реттеуші балаларға жол жүру ережелері туралы қызықты жұмбақтар дайындап әкелді.
Сабақ барысында балалар көшедегі тәртіп ережелерімен танысып, жол белгілерінің не үшін қажет екенін және олардың түрлерін білді. «Болады – Болмайды» атты дидактикалық ойында суреттер арқылы көшеде қалай дұрыс, қалай қате әрекет етуге болатынын анықтады.
Сондай-ақ балалар көліктермен қимылды ойындар ойнап, іс-шара соңында ұл балалар көңілді де шаттыққа толы «Жигули» биін орындады.
Ұйымдастырылған іс-шара танымдық әрі белсенді түрде өтті. Балалар жол жүру ережелерін білу – жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің өмірін сақтайтынын түсінді.