Бүгін, 2025 жылдың 19 маусымы күні, "Ақан Құрманов ауылының КМ
ЖОББМ» КММ-нің жанындағы шағын-орталықтың балалары жыл мезгілдерімен қызықты саяхатқа аттанды.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – балалардың жаз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттағы маусымдық өзгерістерге деген қызығушылықтарын дамыту, ойын және бейнелеу өнері арқылы жаздың белгілерін байқау мен ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ табиғатты сүйіп, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу болды.
Саяхат барысында балалар жыл мезгілдері туралы білімдерін бекітті. «Жыл мезгілдері» пазлдарын құрастыра отырып, олардың белгілеріне қарап қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерін ажырата білді. Түрлі тапсырмаларды орындай отырып, балалар жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын таба алды. Сурет салу барысында олар «Жаз» тақырыбын жақсы меңгергендерін көрсетті. Балалардың қызығушылықпен және ынтамен орындаған жұмыстары жарқын әрі көркем болып шықты.