Текст
«Бірлік болмай тірлік болмас»
Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ
пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік»
қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде
Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара
шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп
жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін
бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бірлігіміз жарасып, еліміз
тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік,
достар! 1 мамыр құтты болсын!