Текст
2024 жылдың 24 желтоқсанында "Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ" КММ мектеп түлектерінің Атбасар қаласындағы емхананың ЖПД дәрігері Құмарбеков Дамир Нұрлыбекұлымен кездесуі өтті. Дәрігер түлектерге өз жұмысы туралы, осы мамандықтың жоғары миссиясы туралы айтып берді. Жалпы практика дәрігері алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырады, науқастарды оңалтуды жүргізеді, санитарлық-гигиеналық іс-шараларды орындайды, емдік-консультациялық көмек көрсетеді, үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Балалар дәрігер мамандығына қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.